Email:too.almaty.tu@gmail.com
|
Моб тел:+7 (747)-705-90-81
ТОО "Алматы тұрғын үй"
«Алматы тұрғын үй» ЖШС 2013 жылы Алматы қаласы әкімдігінің қаулысымен құрылып, тұрғын үй қорының жаңғыртылуы саласында тұрғын үй-коммуналдық даму бойынша мемлекеттік бағдарламаларды іске асыратын мамандандырылған уәкілетті ұйым болып табылады. Компания жүзеге асыратын бағдарламаларға мыналар жатады:
· ҚР ТКШ жаңғырту бағдарламасы (2011–2020 жж.);
· 2020 жылға дейінгі өңірлерді дамыту мемлекеттік бағдарламасы;
· «Нұрлы жер» тұрғын үй-коммуналдық даму мемлекеттік бағдарламасы (2020–2025 жж.);
2026 жылға дейінгі тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамыту тұжырымдамасы.
Алматылық тұрғындар көпқабатты үйдің шатырын, қасбетін немесе кіреберісін жөндете алады. Ол үшін үй атынан қалалық ТКШ модернизациясы бағдарламасына қатысуға өтінім беру қажет.
Қаражат бюджеттен пайызсыз, қайтарымды негізде 8–15 жыл мерзімге бөлінеді.
2011–2022 жылдар аралығында бағдарлама аясында 965 көпқабатты үй жөнделді. Биылғы жылға кезекте – 100 көппәтерлі үй.
Бағдарламаға қатысу үшін пәтер иелері жиналыста жөндеу жұмыстарын жүргізу туралы шешім қабылдайды. Одан кейін хаттама мен өтінімді бағдарламаның операторы – «Алматы Тұрғын үй» ЖШС-не жолдайды.
Кеңес алу үшін байланыс телефондары:

«Алматы Тұрғын үй» ЖШС: +7 (727) 390-22-09.
Біздің Миссиямыз: Мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде Алматы қаласының көппәтерлі тұрғын үй қорын жүйелі түрде жаңғырту және күрделі жөндеуді қамтамасыз ету, тұрғын үй меншік иелерінің мүдделерін қорғай отырып, бюджет қаражатының қайтарымдылығын, ашықтықты және заңдылықты сақтау.
Біздің Мақсатымыз: Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Алматы қаласындағы көппәтерлі тұрғын үйлердің ортақ мүлкін жаңғырту және күрделі жөндеу бағдарламаларын іске асыру, жұмыстардың сапасын, шығындардың бақылауын және меншік иелерінің қаражатты мүлікке ауыртпалық салмай қайтаруын қамтамасыз ету.
«Алматы Тұрғын Үй» ЖШС басшылығының азаматтарды қабылдау кестесі
Тегі, аты, әкесінің аты Лауазымы Қабылдау күндері Қызметтік телефон
1 Калабаев Айдын Айдарович Директор Сәрсенбі, сағат 15:00 390-22-09
2 Баигонов Санжар Жамбылович Директордың орынбасары Бейсенбі, сағат 16:00 390-22-09
3 Симтиков Жолшы Кудайбергенович Директордың орынбасары Сейсенбі, сағат 16:00 390-22-09
Кері қоңырау
Байланыс телефоныңызды енгізіңіз, біз сізге қайта қоңырау шаламыз
Егер Сізде ұсыныс болса, оны электрондық пошта арқылы жолдауыңызды немесе көрсетілген байланыс деректері арқылы хабарласуыңызды сұраймыз
Байланыс
Жұмыс тел.: +7 (727)-390-22-09
E-mail: too.almaty.tu@gmail.com
Ұялы тел.: +7 (747)-705-90-81
Сәйкестік қызметінің нөмірі: +7 702 836 8561
Made on
Tilda